Универсиада-2019: Қазақстан алғашқы алтынға ие болды

Универсиада-2019: Қазақстан алғашқы алтынға ие болды

<span>Италияның Неаполь қаласында өтіп жатқан Жазғы универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті.</span>

<span>Дзюдошы Ғалымжан Қырықбай универсиада чемпионы атанды. Алғашқы белдесуде ол Түркіменстаннан келген Ибрагим Сүйіновті жеңді. Одан кейінгі белдесуде неміс Бенжамин Боюзгарннің осал тұсын тапты. Ал ширек финалда өзбекстандық Давлат Бобоновты орта жолда қалдырса, жартылай финалда қырғызстандық Ерлан Шеровті жеңiп кетті. </span>

<span>Қазақстандық дзюдошы финалда француз Хадриен Ливольсиді қапы қалдырды. Осылайша алтын медальге қол жеткізді. Қола жүлдеге өзбекстандық Давлат Бобонов пен нидерландтық Юр Спайкерс ие болды.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или