«Қазақ королі» WBC International белбеуін иемденді
Жеңіліс дәмін татпаған қазақстандық боксшы Виктор Коточигов Нұр-Сұлтан қаласында мексикалық Хайро Лопеспен жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Жекпе-жек жоспарланған барлық 10 раундқа созылды. Айқас бойы қарсыласына қарағанда белсенді болған отандасымызға төрешілер жеңісті бірауыздан берді.
Осылайша, Виктор Коточигов жеңіл салмақта бос болған WBC International белбеуін иемденді.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы мансабында 10 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или