«Ертістің» қорғаушысы «Оқжетпестің» қақпасына дубль жасады
Ел біріншілігінің 17 туры аясында «Ертіс» пен «Оқжетпес» командалары кездесті.
Матчтағы алғашқы гол тек екінші таймда соғылды. 50-ші минутта «Ертістің» қорғаушысы Урош Витас есепті ашты. Арада екі минут өткенде Жасұлан Молдақараев таразы басын теңестірген, алайда Урош Витас дубль жасап, командасына жеңісті сыйлады.
«Ертіс» — «Оқжетпес» 2:1 (0:0)
Голдар: Витас 50 (1:0), Молдақараев 52 (1:1), Витас 74 (2:1).
«Ертіс»: А. Пасеченко (В), Шмидт, Витас, Стаменкович, Есімов, Хиди, Парагульгов, Манзорро, Нүсіп, Фонсека (К), Георгиевич.
Қосалқы құрам: Калмыков (В), Сотник (В), Баркунов, Аслан, Тұрсынбай, Попов, Кенесов, Сагнаев, Мульдинов.
«Оқжетпес»: Абжанов (В), Ерсәлімов, Кислицын, Рудосельский, Даиров, Калинин, Стоянович (К), Дмитриев, Зорич, Молдакараев, Данило.
Қосалқы құрам: Бабаханов (В), Қонысбаев, Петравичюс, Абдулин, Тулиев, Жакупов. Нөсербаев, Жұмаханов, Сапаров.