Әли Балоев бразилиялық тәжірибелі боксшыдан басым түсті
Қазақстандық былғары қолғап шебері Әли Балоев Нұр-Сұлтан қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жектерінің бірінде шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Бірінші ауыр салмақ (90 келі) дәрежесінде өткен жекпе-жекте отандасымыз Хэмилтон Вентурамен жұдырықтасты. Бразилиялық боксшы мансабында 15 жеңіске жетіп, 6 жекпе-жегінде жеңіліс тапқан. Балоев - Вентура арасындағы кездесу жоспарланған 6 раундқа созылып, отандасымыз төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Әли Балоев кәсіпқой бокстағы мансабында 9-шы жеңісіне қол жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или