Головкиннің «Канеломен» үшінші жекпе-жегі үшін қанша гонорар алатыны белгілі болды
<span>Жартылай ауыр салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, ресейлік Сергей Ковалевтың промоутері Кэти Дува Ковалев өз клиентінің Сауль Альвареспен кездеспейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.</span>
<span>Дуваның айтуынша, Альварестің промоутерлері мексикалық боксшымен өтетін жекпе-жек үшін Ковалевқа тым аз гонорар ұсынған. </span>
<span>«Көп келіссөз жүргізілді. Бірақ Golden Boy-дағылар көңіл көншітерлік ештеңе ұсынған жоқ. Өздеріңіз білесіздер, Дэниэл Джейкобс «Канеломен» жұдырықтасқаны үшін 15 млн доллар алды, сыбыстарға сенсек, Геннадий Головкинге 25 млн уәде етілген. Ал Энтони Джошуамен жекпе-жек өткізу үшін Джаррелл Миллер 6,5 млн алуы тиіс. Джошуаны АҚШ-та тіпті жұрт танымайды да. Осыларды көргеннен кейін ойланасың да. Сергей «Канеломен» кездесер-ақ еді, бірақ Golden Boy мен DAZN бұған шындап кірісуі керек қой», - дейді промоутер World Boxing News-ке берген сұхбатында.</span>