Нұр-Сұлтандағы бокс кеші: тікелей трансляция
Бүгін елордада «Барыс Аренада» бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Кештің басты жекпе-жегінде француз Нордин Убаали мен филиппиндік Артур Вийянуэва жұдырықтасады. Боксшылар аса жеңіл салмақта WBC титулын сарапқа салады.
Сонымен қатар, бұл кеште қазақстандық Жанқош Тұраров пен аргентиналық Мауро Годоя бірінші жартылай орта салмақта WBO Inter-Continental белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді.
Бұл шарада тағы алты қазақстандық рингке көтеріледі: Виктор Коточигов пен Джйро Лопеса (жеңіл салмақта WBC International белбеуі), Әли Балоев – Хамильтон Вентура, Әбілхайыр Шағалиев - Элвин Акхундзада, Нұртас Әжбенов - Ачико Одикадзе, Абай Төлеш - Аллах Дад Рахими және Сұлтан Зәуірбек - Георги Гачечиладзе.
Кеш астана уақытымен 16:55-те басталады. Жекпе-жектерді QazSport телеарнасынан тамашалауға болады.