Қазақстандық гимнастар финалға өтті

Қазақстандық гимнастар финалға өтті

Италияның Неаполь қаласында басталған жазғы Универсиада ойындарында спорттық гимнастикадан іріктеу кезеңі аяқталды, деп хабарлайды  Olympic.kz.

<span>Іріктеу сынының қорытындысы бойынша, біздің гимнастар бес жаттығу түрінен финалға жолдама алды.  Атап айтар болсақ, команда үздігі Милад Карими көпсайыс қорытындысы бойынша 8-ші орын алып, ақтық сынға өтті. Сондай-ақ, Милад еркін жаттығуда - төртінші, гимнастикалық кермеде - алтыншы, гимнастикалық қоссырықта жетінші орыннан көрініп, финалда өнер көрсету мүмкіндігін алды.  </span>

<span>Команда мүшесі Нариман Курбанов гимнастикалық ат снарядындағы іріктеу кезеңін үшінші орынмен аяқтады. Нариман  да финалда сынға түсетін спортшылар қатарында.  </span>

<span>Спорттық гимнастикадан Универсиаданың финалдық кезеңі 6-7 шілдеде өтеді. 6 шілде күні көпсайыстан, 7 шілде күні жекелеген жаттығу түрлерінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.  </span>

<span>5 шілде күні Аида Бауыржанова мен Екатерина Чуйкина жарысты бастайды. </span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или