Мадияр Әшкеев: Қарсыласымды зерттеп те үлгермедім

Мадияр Әшкеев: Қарсыласымды зерттеп те үлгермедім

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев (12-0, 6КО) Алматыда өтетін жекпе-жегі алдындағы дайындығы жайлы айтып берді, деп жазады Prosports.kz.

- Мадияр туған жерге оралуыңызбен! Дайындық қалай өтіп жатыр?

- Рахмет, бәрі жақсы. Менің Қазақстанға келгеніме үш апта болды. Басында ауа-райына үйрену қиынға соқты. Бірақ, қазір бәрі тамаша. Қанат Исламмен, және тағы да басқа боксшылармен бірге дайындалдық. 

- Қарсыласыңыздың алмасқаны бүгін таңертең белгілі болды...

- Иә, өзім де бүгін таңертең білдім. Павел Семенов жарақат алып қалыпты. Сондықтан Қазақстанға келе алмайды екен. Ұйымдастырушылар менімен жекпе-жекке шығатын боксшыны жылдам тапты. Украиналық Игорь Фаниянмен жұдырықтасатын болдым. Зерттеп те үлгермедім. Амал жоқ, ертең алғашқы раундтарда әуселесін байқап көремін. Әрине, қарсыластың аяқ асты алмасуы дайындыққа әсер етеді. Біз белгілі бір боксшыға ғана тактика дайындаймыз ғой. Мансабымда дәл осындай жағдай екі рет орын алған. 

 - Қанат Ислам мен Хулио Де Хесустың жекпе-жегі жайлы қандай болжам айтасыз?

 - Қанат өте тыңғылықты дайындалып жатыр. Ертең қарсыласына мүмкіндік қалдырмайды деп ойлаймын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или