Күрес

Ерасыл Дәулетбек - Азия чемпионатының күміс жүлдегері

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 4 шілде күні елордада күрес түрлерінен кадеттер арасындағы Азия чемпионаты басталды, деп жазады Prosports.kz.

Алғаш болып боз кілемге грек-рим күресінің шеберлері шықты.

48 келіде өнер көрсеткен отандасымыз Ерасыл Дәулетбек финалда Иран балуаны Амирреза Мохаммедреза Дехбозоргиге есе жіберіп, турнирдің күміс жүлдесіне қол жеткізді.

Бұл салмақта қола медаль өзбекстандық Кувончбек Тошназаров пен қырғыз спортшысы Улукбек Сансызбайға бұйырды.

Айта кетейік, Азия құрлығының 19 мемлекетінен 308 спортшы бақ сынап жатқан турнир 7 шілде күні аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер