Қанат Ислам Фидель Монтерроса Муньосты 5 раундта нокаутқа жіберді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам өзінің 18-жекпе-жегін өткізіп, колумбиялық қарсыласын 5 раундта жеңді.

Қанаттың кезекті жекпе-жегі 8 тамыз күні Колумбияның портты қаласы Барранкильяда өтті. Бұл - Қанаттың Латын Америкасы чемпиондық белгісін 2-рет қорғауы.

Естеріңізге сала кетейік, колумбиялық Фидель Мoнтерроса осы айқасына дейін 43 кездесу өткізіп, оның 32 сін өз пайдасына шешкен. 26 рет жекпе-жегін мерзімнен бұрын аяқтаса, 9 кездесуінде жеңіліп, 1 кездесуде тең түскен.

Қанат осыған дейін 17 кездесу өткізіп оның бәрінде жеңіске жеткен. Оның 14-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Бүгін 18-жеңісіне қол жеткізді. Сонымен қатар, бұл - оның 15-ші нокауты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или