Газзаев Ресейге өзге елдердің командаларын қосуға қарсы
Танымал ресейлік бапкері Валерий Газзаев Ресей чемпионатына өзге елдердің командаларын қосу дұрыс емес деген пікірде.
- Меніңше, бұл дұрыс емес. Әр елдің өз федерациялары бар. Олар жергілікті футболды дамытуға күш салып жетір. Егер Беларусьтан БАТЭ немесе «Динамоны» (Минск), Әзірбайжаннан – «Нефтчиді» (Баку), Армениядан – «Араратты», Қазақстаннан «Тобыл», «Астана» не «Қайрат» шақыртып алсақ жергілікті футболдың деңгейі түсіп кетеді. Дамудың орнына кері кетеді. Көршілерімізге мұның не қажеті бар?, - деді Газзаев «Спорт-Экспресс» басылымына.
Айта кетейік, Ресейде Премьер-лигаға көрші елдердің командаларын шақыртуды көздеп отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или