«Канело» қыркүйекте жекпе-жек өткізеді
Орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альварес шаршы алаңға қыркүйек айында оралады.
Бұл туралы инсайдер Майк Коппинджер мәлім етті. Оның айтуынша, «Канело» 141 қыркүйек күн не Лас-Вегас, не Техаста жекпе-жек өткізеді. Әзірге қарсыласының есімі белгісіз.
Бүгін белгілі болғандай, Сауль Альварес сол аяғын жарақаттап алған, алайда ота жасатпайды.
Айта кетейік, мексикалық боксшы мансабында 55 жекпе-жек өткізіп, оның тек біреуінде жеңіліс тапқан. Екі кездесуінде жеңімпаз анықталмаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или