Грузиялық футболшы Қазақстанға ауысудан бас тартты
Грузиялық «Торпедо» клубының сұрмергені Буду Зивзивадзе осы маусымда Қазақстаннан ұсыныс түскенін мәлімдеді.
- Маған Еуропадан бір клуб қызығушылық танытып отыр. Сол командаға ауысқым келгене еді. Қазір ол Еуропадағы орта деңгейдегі клуб. Бірақ «Торпедомен» келісімшартым 2020 жылға дейін жасалған. Мен қашып кеткім келмейді. Бәрін заңды түрде жасағым келгенімен клуб маған құжаттарды бермей отыр.
Қазақстанда ойнаудан бас тарттым. Әзірбайжанға барғым келмеді. Еуропаға кетем деп ойладым. Бірақ Кутаисиден жібермей жатыр, - деп келтіреді футболшының сөзін «Лело» басылым.
Айта кетейік, «Ордабасы» Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде грузиялық «Торпедо» командасына қарсылас атанған болатын. Алғашқы матч 11 шілде күні Шымкенттегі Қажымұқан атындағы стадионда өтеді.