Канелоға ота жасалмайды. Головкинде әлі де мүмкіндік бар

Канелоға ота жасалмайды. Головкинде әлі де мүмкіндік бар

Golden Boy Promotions компаниясының матчмейкері Эрик Гомес, The Athletic порталының журналисі Майк Коппинджерға мексикалық Сауль Альварестің денсаулығы жайлы айтып берді, деп жазады Prosports.kz.

<span>«Сауль Альварес 14 қыркүйек күні Лас-Вегаста жекпе-жек өткізеді. Өтетін орны Техас ауыстырылуы да мүмкін. Канелоны сол жақ тізесі мазалайды, бірақ ота жасауды қажет етпейді. Тек, бұрынғыдан аз жүгіретін болады. Велосипедте жаттығып, көбірек жүзетін болады», - деп жазды жеке Твиттерінде Коппинджер. </span>

<span>Еске сала кетейік, Канелоның балдақтың көмегімен жүрген суреті желіде тарап кеткен еді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или