Бөтелкені аяқпен ашу «модаға» айналды
Флеш-мобты орындау өте оңай: аяқпен айналдыра соққы жасай отырып, бөтелкенің қақпағын ашу.
Bottle Cap Challenge 2017 жылы пайда болған. Алайда қазіріг кездегідей аса танымалдыққа ие болмаған. Осы жылдың жаз айында қайтадан бастау алған флеш-мобты каратэші (helena_tigres) орындап танымал болды.
<br />Артынша қазақстандық файтер Фараби Давлетчин орындады. Хеленамен салыстырғанда, Фараби секіре отырып бөтелкенің қақпағын ашты.
Фарабидің видеосын атақты дизайнер, Acronym брендінің қалаушысы Эрролсон Хью байқап қалып, трюкті қайталады. <br />
Хьюден кейін UFC файтері <span>Макс Холлоуэй де аталмыш флеш-мобтан тыс қалмады.</span>
Макстың Bottle Cap Challenge вирусты бейнеролигі санаулы күндер ішінде 2 млн көрсетілім жинады. Әйгілі актер Джейсон Стэтхем де байқап көрді. "Механик" айрықша стильде орындап, көзге түсті.
<span style="line-height: 18.2px;">«Керемет жұмыс, Джейсон Стэтхем. Бөтелкені сен үшін ашамын. Флойд Мейвезерге табыстаймын», - деген атышулы МакГрегор өзінің Instagram-ында. </span>