Теннис

Уимблдон: Путинцева Осаканы тағы да жеңді

Уимблдон: Путинцева Осаканы тағы да жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Уимблдонда басты фавориттердің бірі жапониялық Наоми Осаканы жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бірінші айналымдағы матч екі сетте аяқталды – 7:6, 6:2. Кездесу 1 сағат, 37 минутқа созылған.

Қазақстандық теннисші енді швейцариялық Виктория Голубичпен кездеседі.

Айта кетейік, Путинцева әлемнің екінші ракеткасын аз уақыт ішінде екінші рет жеңіп отыр, 20 маусымда Юлия Осаканы Бирмингемдегі турнирде жарыс жолынан шығарған болатын.

Юлия Путинцева (Қазақстан) – Наоми Осака (Жапония) 7:6 (7:4), 6:2

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер