Василий Маруняк: «Қайратқа» қарсы дайындығымыз өте жоғары болды»
«Астана-М» Бірінші Лига аясында сырт алаңда «Қайрат-Жастар» командасын 3:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. Ойын соңында елорда командасының бас бапкері Василий Маруняк кездесу туралы пікірімен бөлісті.
<span>- Біріншіден бізге сенім артқан жанкүйерлерге ерекше алғыс айтамыз. Екіншіден, біз «Қайраттың» ойын мәнерін зерттеп, кездесудің алғашқы минуттарында басымдықты қарсыласқа бердік. Себебі, олардың шабуыл шебі өте мықты. Ойынға құрған жоспарымыз бойынша қаптал арқылы жылдам қарымта шабуылмен ойнауға тырыстық. </span><span> </span><span>Ол біздің толықтай қолымыздан келді. Жігіттердің жеңіске деген жігеріне ерекше алғыс білдіремін.</span>
<span> Біз осыған дейін бірнеше кездесуде жеңілгендіктен, бүгінгі ойынға дайындығымыз өте жоғары деңгейде болды. Оған қоса, бүгін шабуыл шебінде жас ойыншылар Басманов пен Свиридовқа сенім арттық. Ойын барысында тағы да гол соғатын мүмкіндіктер болған, алайда шабуылды соңына дейін жеткізе алмай жаттық. Жігіттердің ойыннан ойынға дамып, өсіп келе жатқандығы қуантады. Ойын күні Теңізбай Абдурахмановтың туған күні болса, одан бір күн алдын Иван Свиридов өз туған күнін атап өтті. Бұл жеңіс бізге де, оларға де ерекше сыйлық болды.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или