«Қайрат» Курбан Бердыевты шақыруға әзір
«Қайрат» футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев «Рубиннің» бұрынғы бапкері Курбан Бердыевпен бірге жұмыс істеуге әзір екенін айтты.
«Курбан Бердыев — посткеңесттік елдердегі ең мықты мамандардың бірі. Егер ол бізбен жұмыс істеуге келіссе қуана-қуана қабыл аламыз. Жаттықтырушылардың Ресейде жұмыс істегісі келетінін жақсы түсінемін. Егер Бердыев «Қайратты» тізгіндеп, РПЛ-да ойнайтын болса... Бір кездері ол Қазақстанға оралса тек «Қайратты» жаттықтырамын деп уәде берген», — деді Боранбаев ресейлік «Чемпионат» сайтына берген сұқбатында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или