Боранбаев «Қайраттың» РПЛ-да өнер көрсетуіне қарсы емес

Боранбаев «Қайраттың» РПЛ-да өнер көрсетуіне қарсы емес

«Қайрат» футбол клубының Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев ЦСКА президенті Евгений Гинердің Армения, Беларусь және Қазақстан елінің клубтарын ресейлік Премьер-Лига клубтарына қосу туралы пікірін қолдады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«РПЛ-да ойнауға ешкім қарсы болмайды. Ойлап қараңыз, Қазақстанға «Спартак», «Зенит» және тағы басқа клубтар келеді. Бір жағынан қарсыластардан сабақ алсақ, екінші жағынан көрермендердің қызығушылығы басым болмақ. Біз үшін қазақстандық футболшылардың деңгейі арта түсетіні маңызды. Қазақстанның ұлттық құрама командасы бұдан да жақсы әрі сенімді жұмыс жасайтынына сенеміз.

Ең алдымен, шектеу санын жөнге қою керек. Яғни, Армения, Қазақстан, Қырғызстан және Беларусь елінің оыншыларына. Біз секілді Ресейде де шетелдік футболшылардың саны жағынан шектеу бар. Алдымен осы мәселені ретке қою керек. Айтарым: «Қайрат» РПЛ-ға қатысуға ниетті, алайда бұл талқылауды қажет етеді.

Мысалы, Қазақстанда жүрсек, Еуропа чемпионаттарындағы кепілді орындарымыздан айырылып қалуымыз мүмкін. Менің ойымша, бұл тақырып бойынша УЕФА-мен байланыс орнатуымыз керек. Еуропалық бәсекелестіктегі РПЛ квотасы санын ұлғайту туралы немесе басқа да өзгерістер. Еурокубокке қатысу біз үшін өте маңызды. Аталмыш турнирге қатыссақ, 8 млн еуро алады екенбіз. Бұл Қазақстан үшін - өте жақсы сома», - деді Боранбаев «Чемпионат» тілшісіне берген сұқбатында.

Айта кетейік, күні кеше мәскеулік ЦСКА-ның президенті Евгений Гинер Премьер-лиганың кеңейтілуін қолдайтынын айтқан болатын. 23 мамырда Гинер РФС атқарушы комитетінің отырысында РПЛ-ді кеңейтуді ұсынған. Кейін лиганың жалпы жиналысында осы мәселе тағы да көтерілді.

15 клуб 2020/2021 жылғы маусымнан бастап лига қатысушыларының көбеюін қолдаған, тек «Спартак» қана қарсы болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или