«Динамо» бапкері қазақстандық клубтардың РПЛ-ға көшуін қолдады

«Динамо» бапкері қазақстандық клубтардың РПЛ-ға көшуін қолдады

«Динамоның» бас бапкері Сергей Гуренко ЦСКА президенті Евгений Гинердің Армения, Беларусь және Қазақстан елінің клубтарын ресейлік Премьер-Лига клубтарына қосу туралы пікірін қолдады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

– Көзқарасым – оң, қолдаймын. Біздің команда ресейлік лигада өз орнын табар еді. Беларусь құрамасы үшін де үлкен нәтижесін бермек – футболшыларшыларымыз басқа елге кетпейді.

– Беларусь елінің клубтары РПЛ-да қаншалықты бәсекеге қабілетті болады деп ойлайсыз?

– Бәрі де мүмкін. Бәсекеге қабілетті болу қырғын бюджетті талап етпейді де.

– РПЛ-ға қанша клуб өтуі мүмкін?

– Меніңше, бізден, Армения мен Қазақстаннан бір-біреуден жеткілікті.

– Олар турнирлік кестеде қай орынға жайғасар еді?

– Кестенің ортасында.

Айта кетейік, күні кеше мәскеулік ЦСКА-ның президенті Евгений Гинер Премьер-лиганың кеңейтілуін қолдайтынын айтқан болатын. 23 мамырда Гинер РФС атқарушы комитетінің отырысында РПЛ-ді кеңейтуді ұсынған. Кейін лиганың жалпы жиналысында осы мәселе тағы да көтерілді.

15 клуб 2020/2021 жылғы маусымнан бастап лига қатысушыларының көбеюін қолдаған, тек «Спартак» қана қарсы болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или