Серік Сәпиев елорда мұрағатына жеке наградаларын табыстады

Серік Сәпиев елорда мұрағатына жеке наградаларын табыстады

Олимпиада чемпионы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев өз марапаттарын елорда мұрағатына тапсырды.

«Грамоталарым мен марапаттарымды сенімдірек сақтау үшін мұрағатқа берсем деген шешім қабылдадым. Нұр-Сұлтан қаласының мұрағатына тоқсаныншы жылдардағы жетістіктерім мен өзге де табыстарыма дәлел болатын дүниелерді өткізіп отырмын. Коллекция қатары әлі де толыға түседі деп ойлаймын», - дейді Серік Сәпиев.

Айта кету керек, Лондон Олимпиадасының чемпионы - Қазақстандағы өз марапаттарын мұрағатқа өткізген  алғашқы спортшылардың бірі. Мұрағатқа өткен дүниелердің ішінде Серік Сәпиев туралы жазылған мақалалар да бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или