АІВА-ның жаңа президенті қараша айында сайланады

АІВА-ның жаңа президенті қараша айында сайланады

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының конгресінде АІВА-ның жаңа президентін 2019 жылдың қараша айында сайлау туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, қауымдастықтың атқарушы комитеті уақытша құзыретін тоқтатқан бұрынғы президенті Гафур Рахимовқа қызметінен бас тарту туралы хат жолдайтынын мәлімдеді.

АІВА қаулысындағы бөлімдердің бірінде Рахимовтың басқарушы құрылымға келуі туралы қарастырылған болатын. Алайда, конгресте бұл бөлімді алып тастау үшін дауыс берілді.

«Біз біріге отырып, маңызды шешім қабылдадық. ХОК-пен ортақ шешімге келіп, қарызды өтеу туралы уәде беріп, барлық боксшылар қауымдастығын алдаған адамнан құтылдық. Гафур Рахимов АІВА-ны банкротқа ұшыратуға дейін әкелді. Ол барлық боксшылар қауымдастығынан кешірім сұрауы тиіс. Оның қызметке қайта оралуына мүмкіндік беретін бөлімнің күшін жойдық»,- дейді атқарушы комитет мүшесі Умар Кремлев.

Сайлау 2019 жылдың 15 қарашасында Лозаннадағы кезектен тыс отырыста өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или