Мадияр Әшкеев: Үлкен бокс - үлкен бизнес
Бірінші орта салмақта өнер көрсететін, Солтүстік Америка федерациясының NABF Junior Super Welterweight жүлдесін жеңіп алған қазақстандық былғары қолғап шебері Мадияр Әшкеев журналистерге сұқбат берді.
- Сіздің Сесил Маккаламен болған жекпе-жегіңізді бәрі көрді. Кездесу жайлы өз әсеріңіз қандай?
- Айқас АҚШ-тың Аризона штатындағы Тусон қаласында өтті. Маккала өте тәжірбиелі жергілікті боксшы. Кездесу 10 раундқа созылды. Қарсыластың қарсылығына қарамастан, мен жеңісті оңай олжаладым деп айта аламын. Бәске бірінші орта салмақтың <span>NABF жүлдесі тігілген еді. Қазақстандықтардың қызу қолдауының арқасында жеңіске жеттім. </span>
- Головкин - Роллс жайлы не айтасыз?
<span>- Үлкен бокс - үлкен бизнес. Әрине, ол кездесу көптің қызығушылығын тудырды деп ойламаймын. Канеломен шықпас бұрын Головкин әлі де осал боксшылармен қолғап түйістіретін шығар. Бұл қалыпты жағдай. Өзімізде де дәл солай ғой. Қазақстан боксының дамуына айтарлықтай үлес қосып жатқаны үшін Геннадий Головкинге алғысым шексіз. </span>
- Спорттағы болашақтағы жоспарларыңыз қандай?
<span>- Промоутерлік компаниялармен жұмыс істеп, атақты менеджерлермен серіктестікті жалғастырамын. Талантты қазақстандық боксшыларға жол беремін - деді Әшкеев. </span>