«Ресейге келсе қазақстандық клубтар еурокубок көрмейді»
Ресейдің Sportbox порталы ТМД елдеріндегі белді клубтардың РПЛ-ға қосылу мүмкіндігін саралады.
- Ресей Премьер-лигасы ішкі чемпионатты күшейте түскісі келеді. <span>«Қайрат», БАТЭ, «Арарат» секілді клубтарды шақыру бұл елдердегі маркетингті дамытады. </span>
<span>Бірақ, біршама кедергілер бар. Біріншіден, УЕФА-мен қалай келісуге болады? Екіншіден, аймақтарда футболды қалай дамыту керек? Үшіншіден, әрине, қаржылық қиындық. Оның үстіне, қазақстандық және беларустық командалар көбіне еурокубоктардың іріктеу кезеңінен қайтады. Сонда РПЛ-да өнер көрсетіп жүріп бұл клубтар еурододалық жарыстарды мүлдем ұмытады. Чемпионаттың алыптарына қарсы тұра алады ма? </span>
<span>Еске сала кетейік, 23 маусым күні Гинер РФС атқарушы комитетінің отырысында РПЛ-ді кеңейтуді ұсынған еді. </span>