Бокс

Алматыда Қанат Ислам мен Мадияр Әшкеев ашық жаттығу өткізді

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Алматыдағы Арбатта Қанат Ислам мен Мадияр Әшкеев ашық жаттығу өткізді.

Бірінші болып өз шеберлігін Мадияр Әшкеев паш етті. Жаттығудан кейін көрермендер спортшыларға өз сұрақтарын қойды.

Ашық жаттығу шілде айының 5-і күні Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында ұйымдастырылатын бокс кешіне арналды.

Мадияр Әшкеев NABF Junior жүлдесіне таласта Павел Семеновпен жұдырықтасады. Ал, кештің басты кездесуінде Қанат Ислам жаңа салмақта WBO Inter-Continental белбеуі үшін Хулио де Хесуспен айқасатын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер