Golden Boy «Канело» - GGG кездесуін келесі жылы өткізуді көздейді
The Ring және FOX Sports тілшісі Майк Коппинджер, Сауль Альвареспен серіктес Golden Boy Promotions «Канело» - GGG жекпе-жегінің келесі жылы өткенін мақұл көріп отыр дейді.
- Соңғы кездері екі боксшының үшінші айқасы осы жылдың қыркүйек айында өтеді деген ақпарат тарап кетті. Алайда, <span>Golden Boy Promotions мен Сауль Альварес оған мүлде қарсы. 14 қыркүйек күні Каллум Смитпен төбелесіп, ал, келесі жылдың мамыр айында шаршы алаңға Геннадий Головкинге қарсы шығуды мақсат етіп отыр. </span>
Еске сала кетейік, осыған дейін қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес екі жекпе-жек өткізген болатын. Алғашқысы, тең аяқталса, екінші кездесуде төрешілер шешімімен мексикалық жеңіске жеткен еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или