Ресейлік шенеунік Қазақстанның клубтарын шақыртуды қолдады

Ресейлік шенеунік Қазақстанның клубтарын шақыртуды қолдады

Ресей Мемлекеттік думасының дене шынықтыру, спорт, туризм және жастар ісі бойынша комитетінің төрағасы Михаил Дегтярев Ресей Премьер-лигасына көршілес елдердің клубтарының қосылуы оң ықпал ететініне сенімді.

- Ресей чемпионатында Беларусь, Армения және Қазақстан секілді дос мемлекеттердің клубтарын шақырту жөнінде бастама жасалып жатыр. Менің ойымша, бұл бастама барлық жаққа пайдасын тигізеді. Мысал тура алдымызда, ҚХЛ-да Қазақстан мен Беларусь командаларында ойнайды. Оның үстіне жанкүйерлер орыс тілінде сөйлейді, - деді Дегтярев.

Айта кетейік, күні кеше мәскеулік ЦСКА-ның президенті Евгений Гинер Премьер-лиганың кеңейтілуін қолдайтынын айтқан болатын. 23 мамырда Гинер РФС атқарушы комитетінің отырысында РПЛ-ді кеңейтуді ұсынған. Кейін лиганың жалпы жиналысында осы мәселе тағы да көтерілді. 15 клуб 2020/2021 жылғы маусымнан бастап лига қатысушыларының көбеюін қолдаған, тек «Спартак» қана қарсы болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или