Хоккей

Қытайлық клуб АҚШ-та тұратын қазақты қаралымға шақырды

news-banner7
mobile-news-top

ЖХЛ-да ойнайтын қытайлық «Ценг Тоу» қазақ шабуылшы Темірлан Ескендіровті қаралымға шақырды. Бұл туралы Шайба.kz сайты хабарлады.

20 жастағы америкалық қазақ өткен маусымда Батыс штаттарының хоккей лигасында ойнаған. Қостанай мектебінің түлегі «Сиэтл Тотемс» сапында 46 матч өткізіп, 51 (25+26) ұпай жинаған.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін «Ценг Тоу» «Астананың» хоккейшісі Мақсат Ыбраевпен келісімшартқа отырған болатын. Сондай-ақ тағы бір хоккейші Әнуарбек Танымовты қаралымға шақырған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер