Бокс

Отандық телеарна Нұрзат Сабыров пен Садриддин Ахмедовтың жекпе-жегін көрсетеді

news-banner7
mobile-news-top

Канаданың Тетфор қаласында маусымның 29-нан 30-ына қараған түні бокс кеші өтеді.

Шаршы алаңға үш отандасымыз шығады. Олар: Нұрзат Сабыров, Садриддин Ахмедов және Аман Қазанқапов.

Ахмедов мексикалық 33 жастағы былғары қолғап шебері Даниэль Вега Котамен сынға түседі. Сабыров венгриялық Ласло Тоттың шамасын байқап көрмек. Ал, кәсіпқой бокста бірінші мәрте өнер көрсеткелі отырған Қазанқапов тағы бір мексикалық Исмаэль Молина Мореноға қарсы жұдырықтасады.

Бокс кешінен тікелей трансляцияны «Хабар» телеарнасы таратады. Көрсетілім елорда уақытымен 30 маусым күні таңғы сағат 7:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер