Вороговский «Беерсхот» клубында медициналық тексерістен өтеді

Вороговский «Беерсхот» клубында медициналық тексерістен өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайраттың» және Қазақстан Ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ян Вороговский Бельгия чемпионатының клубына ауысқалы жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz cайты.

Ойыншының ауысқаны туралы ақпарат жақын арада белгілі болады. Вороговский «Беерсхот» клубында медициналық тексерістен өтеді. 22 жастағы футболшының трансфері осы мединицалық тексерістің нәтижесіне байланысты.

Естеріңізге сала кетейік, Вороговский «Қайрат» қатарына 2016 жылдың қаңтары айында қосылды. Бұған дейін жартылай қорғаушы «Қайсарда» және «Сұңқарда» ойнаған. Алматылық клуб сапында 41 матч өткізіп, 1 гол соқты.

Екі рет Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстан Кубогы және Суперкубогын иеленген. болды.

Ол 2017 жылы Қазақстан құрамасы сапында дебютін жасады және 4 матч өткізді. Шотландиямен матчта Еуро-2020 іріктеу кезеңінде гол соқты.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер