«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Бельгия чемпионатына ауыспақшы
Алматылық «Қайраттың» және Қазақстан Ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ян Вороговский Бельгия чемпионатының клубына ауысқалы жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Ойыншының ауысқаны туралы ақпарат жақын арада белгілі болады.
<span lang="kk">Естеріңізге сала кетейік, Вороговский «Қайрат» қатарына 2016 жылдың қаңтары айында қосылды. Бұған дейін жартылай қорғаушы «Қайсарда» және «Сұңқарда» ойнаған. Алматылық клуб сапында 41 матч өткізіп, 1 гол соқты. </span>
<span lang="kk">Екі рет Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстан Кубогы және Суперкубогын иеленген. болды. </span>
<span lang="kk">Ол 2017 жылы Қазақстан құрамасы сапында дебютін жасады және 4 матч өткізді. Шотландиямен матчта Еуро-2020 іріктеу кезеңінде гол соқты.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или