Қазақстан құрамасы FIFA рейтингісінде екі сатыға жоғарылады

Қазақстан құрамасы FIFA рейтингісінде екі сатыға жоғарылады
Халықаралық футбол қауымдастығы құрамалар арасында 2019 жылдың маусым айының 14 жарияланған қорытындысы бойынша әлемдік рейтингісін жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Қазақстан құрамасы маусым айында өткен екі кездесу қорытындысы бойынша екі сатыға көтеріліп, 114-орынға жайғасты.

Михал Билек жаттықтыратын Қазақстан құрамасы алдымен қонақта Бельгия құрамасына 3:0 есебімен жол беріп, «Астана Арена» стадионында Сан-Марино құрамасын 4:0 есебімен жеңді.

 ФИФА рейтингісі:

1. Бельгия - 1746

2. Франция - 1718

3. Бразилия - 1681

4. Англия - 1652

5. Португалия - 1631

6. Хорватия - 1625

7. Испания - 1617

8. Уругвай - 1615

9. Швейцария - 1605

10. Дания - 1589

...

43. Ресей – 1436

45. Шотландия - 1430

93. Кипр - 1258

114. Қазақстан - 1174

211. Сан-Марино - 839.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или