Ресми: Сейдахмет — «Қайратта»

Ресми: Сейдахмет — «Қайратта»

Қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахмет «Қайрат» футбол клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

19 жастағы жас шабуылшы «Қайрат» сапына «Уфадан» келді. Сейдахмет алматылық клубпен үш жылдық келісімшартқа отырды.

Сейдахмет футболдағы мансабын 2017 жылы «Тараз» сапында бастаған.

Айта кетейік, өткен маусымда Еркебұлан болгариялық «Левски» командасында жарты жыл жалда ойнады. Алайда ол команда сапында тек үш ойынға ғана қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или