Теннис

Теннисте көшбасшы алмасты. Оған Путинцева себепші

news-banner7
mobile-news-top

Бирмингемдегі теннис турнирінде топ жарған Эшли Барти қыздар арасындағы әлемдік рейтингтін көшін бастады.

Австралиялық спортшы финалда неміс елінің намысын қорғайтын Юлия Гергесты 6:3, 7:5 есептерімен жеңген болатын.

Ал, осыған дейін бірінші сатыда тұрған жапон қызы Наоми Осака дәл осы турнирдің екінші айналымында қазақстандық Юлия Путинцеваға ұтылған еді. Бирменгемдегі жарыста Осака кемі жартылай финалға дейін барғанда әлемдік рейтингтегі орнын сақтап қалушы еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер