Абылайхан Құсайынов чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізеді

 Абылайхан Құсайынов чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізеді

<span>Қазақстандық кәсіпқой боксшы Абылайхан Құсайынов чемпиондық белбеуге таласады.</span>

<span>Жеңіл салмақта жұдырықтасатын Абылайхан 5 шілде күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтетін бокс кешінде жұдырықтасады.  Жеңіліп көрмеген отандасымыз WBA санатындағы NBA белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді. Қарсыласы әзірге белгісіз.</span>

<span>Айта кетейік, Абылайхан Құсайынов шаршы алаңда 9жекпе-жек өткізіп, 6 кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған болатын. Құсайынов соңғы кездесуінде мексикалық Хесус Лагунаны нокаутпен жеңген болатын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или