Қысқы

Алматыда Денис Тенді еске алуға арналған шоу өтеді

Алматыда Денис Тенді еске алуға арналған шоу өтеді
news-banner7
mobile-news-top

20 шілде күні «Алматы аренада» қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алуға арналған «Денистің достары» атты мұз айдынындағы шоу өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кешке атақты спортшылар, қазақстандық спортшының жаттықтырушылары мен достары қатысады. Instagram желісіндегі Денис Теннің ресми парақшасында жазылуынша, «бұл жобаның мақсаты Қазақстанда мәнерлеп сырғанауды дамытуға және танымал етуге, туризмді дамытуға және әлем елдері арасындағы достықты дәріптеуге үлес қосу. Сонымен қатар, Денис Тен есімін мәңгі есте сақтауға шақыру».

Айта кетерлігі, «Денистің достары» шоуы Денис тен қайтыс болған күннің ертеңіне арнайы жоспарланып отыр. Мәнерлеп сырғанаушы 2018 жылы 19 шілдеде Құрманғазы мен Байсейітов көшелерінің қиылысында автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер