Теннис

Путинцева әлемнің бірінші ракеткасын қалай жеңді. Видео

news-banner7
mobile-news-top

Бирмингем қаласында өтіп жатқан WTA турнирі аясында әлем теннис жанкүйерлері тағы бір сенсацияға куә болды, деп жазады Prosports.kz.

Аталған турнирдің екінші айналымында қазақстандық теннисші Юлия Путинцева әлемнің 1-ші ракеткасы, жапониялық Наоми Осаканы оңай ұтып кетті.

Жапон қызын екі сетте 6:2, 6:3 есебімен жеңген отандасымыз турнирдің ширек финалына шыққан болатын. Назарларыңызға осы кездесуден әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) дайындаған видеошолуды ұсынамыз.

Жүлде қоры 1 млн АҚШ долларынан асатын Бирмингем турнирі 23 маусымда мәреге жетіп, жеңімпаз анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер