Америкалық шолушы «Канелоның» Головкинге қарсы ерлігін атады

Америкалық шолушы «Канелоның» Головкинге қарсы ерлігін атады

The Sweet Science шолушысы Джеффри Фримэн қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес жекпе-жегіне қатысты кезекті рет пікір білдірді.

«Головкин бір жылға қартайып келеді, ал оның сары қарсыласы бір жылға ақылды бола түсті. «Канелоның» Головкинге қарсы рингтегі 24 раунд тәжірибесі ешкімнің қолынан келмеген нәрсені жасауға үйретті – ол азулы Головкинді ұтып, орта салмақтағы барлық титулдарын иеленді», - деп жазды автор өз мақаласында.

Естеріңізге салсақ, Головкин өзінің соңғы жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йоркте өткізіп, канадалық Стив Роллсты жеңген болатын. Оның алдында былтыр Сауль Альварестен жеңіліп қалған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или