«Милан» жаңа бапкерінің есімін атады
«Сампдорияның» бұрынғы бапкері Марко Джампаоло «Милан» тізгінін ұстады.
Бұл маман өз қызметіне 1 шілдеден бастап кіріседі. Келісімшарт мерзімі 2021 жылдың 30 маусымына дейін. Бапкер нәтиже көрсетіп жатса «Милан» тағы бір жылдық келісімшарт ұсынуы мүмкін.
Джампаоло <span>«Эмполи», «Кремонезе», «Брешия», «Чезена», «Катанья», «Сиена», «Кальяри» және «Сампдория» клубтарында қызмет атқарған. «Миланда» ол жақында отставкаға кеткен Дженаро Гаттузоны алмастырды.</span>
<span>2018/19 маусым қорытындысы бойынша «Милан» итальян А сериясында бесінші орын алып, Еуропа лигасына жолдама алған еді. Алайда, еурокубоктан клуб өз еркімен бас тартуы мүмкін.<br /><br /></span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или