Әлем футболы

«Милан» өз еркімен еурокубоктан бас тартуы ықтимал

news-banner7
mobile-news-top

Келесі маусымда итальяндық «Милан» Еуропа лигасында өнер көрсетпеуі мүмкін.

«Россонери» УЕФА басшылығымен кездесіп, келісімге келуге жақын. Бұған себеп, «Милан» қауымдастықтан еурокубокке қатыспай қаржылық қиындықтарын түзеп алуға уақыт беруді сұрап отыр. Қорытынды шешімді клуб 19 маусым күні мәлімдейді.

Егер «Милан» Еуропа лигасынан бас тартса, орнына «Торино» қатысады.

Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында УЕФА «Миланға» 12 миллион еуро айыппұл салған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер