«Канело» Головкиннің орнына америкалық боксшымен қолғап түйістіруі мүмкін

«Канело» Головкиннің орнына америкалық боксшымен қолғап түйістіруі мүмкін

Беделді Boxingnews24.com басылымының сарапшасы Марк Изнер америкалық боксшы Эррол Спенс күзде мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін жазды.

- «Канело» — Спенс жекпе-жегі Головкинмен трилогияға қарағанда жақсы нұсқа болып көрінеді. Егер Оскар Де Ла Хойя күзде GGG-дің орнына Спенсті таңдаса жанкүйерлер қарсылық көрсете қоймайды. Дегенмен Спенс қазірдің өзінде жекпе-жектің сыйақысы 20 миллион доллардан басталатынын, келіссөзді бастағанын мәлімдеді», — деді Изнер.

Айта кетейік, Геннадий Головкин 8 маусым күні Нью-Йорк қаласында Стив Роллсты нокаутпен жеңгеннен кейін Сауль Альвареспен айқасуға дайын екенін мәлімдеген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или