Қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан кубогы басталады

Қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан кубогы басталады

Оралда қоян-қолтық ұрыстан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының кубогы басталды, деп хабарлайды kazakh-tv.kz сайты.

Тамыздың 17-іне дейін өтетін сайысқа еліміздің барлық өңірінен 15 команда қатысуда. 9 түрлі салмақ дәрежесінде 127 спортшы бақ сынасады. Айта кету керек, қоян-қолтық ұрыстан халықаралық федерация құрамындағы қырықтан астам елдің ішінде Қазақстанның бәсі биік. Бұған байрақты бәсекелерде ел спортшыларының  ылғи жүлделі орындардан көрініп келе жатқаны, құрама сапында 11 әлем чемпионының болуы дәлел,- дейді ұйымдастырушылар.

Дәулет Темірханов сайыстың бас төрешісі, ҚР қоян-қолтық ұрыс федерациясы президентінің орынбасары:
- Кубоктың негізгі мақсаты әлем кубогына іріктеу болып саналады.   Әлем кубогы 14-16 октябрьде  Перуде өтеді. Екінші іріктеу Азия чемпионаты Моңғолияда өтеді. Соған осы Орал қаласында өтіп жатқан кубок сол іріктеу болып есептеледі.

Берік ШЫНӘЛІ,  САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:
-  Бұл спорттың ерекшелігін айтар болсақ, ия бұл олимпиадалық спорт емес. Мұнда көбіне құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысады. Неге? Себебін айтсақ, мысалы шекара  қызметінде , офицер өзінің заставасында қызметін атқарып жатқан кезде жау өтер болса ол онымен футбол, волейбол ойнамайды ғой. Ол оның қолын қайырып, осы қоян-қолтық ұрыс әдістерін қолданады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или