Қарағандылық таэквондошылар ӘЧ-да 7 медаль қанжығалады

Қарағандылық таэквондошылар ӘЧ-да 7 медаль қанжығалады
<p> <strong>Қарағандылық таэквондошылар Душанбеде өткен әлем чемпионатынан 7 медаль алып келді, деп хабарлайды 24.kz сайты.&nbsp;</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Хабарламада &laquo;12 тамыз күні тхэквондодан ҚР ұлттық құрамасының мүшелері Тәжікстаннан оралды. Олар 6-9 тамыз күндері Душанбеде өткен тхэквондодан (ITF) әлем чемпионатына қатысты. Байрақты бәсекеге 55 елден 840 спортшы келген. Қазақстан ұлттық құрамасы атынан 32 шебер сынға түсті, оның 12-сі қарағандылық спортшы болды. Олар 1 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль ұтып алды&raquo;, &ndash; делінген.</p> <p style="text-align: justify;"> Спорт ардагерлері арасында Радион Ким топ жарды. Командалық сында Илья Дей, Максим Ильясов, Георгий Андросовтар екінші орыннан көрінді. Сондай-ақ Максим Ильясов 63 келі салмақта күмістен алқа тағынса, Никита Магамадов, Георгий Андросов, Станислав Лим және Радион Шурпитин есімді спортшылар қоржынына қоладан олжа салды.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или