Жо-Вильфред Тсонга – Торонтодағы турнирдің жеңімпазы

Франциялық теннисші мәнсабындағы 11-ші титулына қол жеткізді.

Финалдық матчта Тсонга Роджер Федерерді 7:5, 7:6 есебімен қапы қалдырды. Ойын бір сағат, 49 минутқа созылды. Ал өзара кездесуде Федерер алда – 11:5.

Осы жеңісінің арқасында Жо-Вильфред жүлде ретінде 598 900 доллар мен 1000 рейтингтік ұпай алды.

Бір қызығы, турнир барысында Тсонга әлемдік рейтингтің ондығына кіретін төрт теннисшіні жеңді – Джокович, Маррей, Димитров және Федерер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или