«Астана арландары» «Cuba Domadores-пен» кездеседі
<p style="text-align: justify;">
<strong>«Астана арландары» бокс сериясының бесінші маусымының алғашқы кездесуін кубалық командаға қарсы өткізеді.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) 2014 жылғы IV маусымының жеңімпазы кубалық «Cuba Domadores» клубы мен 3-ші маусымының жеңімпазы, 4-ші маусымның жартылай финалисі еліміздің «Астана арландары» бокс клубы Астанада жекпе-жек өткізеді.</p>
<p style="text-align: justify;">
Жекпе-жек екі күнге созылып, әр күні 5 салмақтағы боксшылар жұдырықтасады. Кездесу қыркүйек айының 9 және 10 күндері «Дәулет» спорт сарайында өтеді.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или