Геннадий Головкин «Үздік боксшы – 2013» жүлдесін алды

Кәсіпқой бокстан WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин «Үздік боксшы – 2013» сыйлығын алды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Боксшымыз жыл басында WorldBoxingNews.net сайтының дауыс беру нәтижесі бойынша «Үздік боксшы – 2013» атағын жеңіп алған болатын. Сол сыйлығына боксшымыз кеше қол жеткізді.

Дауыс беру нәтижесі бойынша Геннадий Головкин 74 пайыз дауыс жинаған, ал, Геннадидің жақын қарсыласы қанадалық Адонис Стивенсон небәрі 12 пайыз дауыс жинаған.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін 27-ші шілде күні австралиялық Дэниэл Гилге қарсы өткізіп, үшінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или