Регбиден әлем кубогы өтуде. Жаңа Зеландия ойламаған жерден Ирландиядан ұтылды

Регбиден әлем кубогы өтуде. Жаңа Зеландия ойламаған жерден Ирландиядан ұтылды
<p style="text-align: justify;"> <strong>Францияда регбиден қыздар командалары арасында әлем кубогы өтуде, деп хабарлайды&nbsp;kazakh-tv.kz сайты.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Қатарынан төрт рет әлем чемпионы атанған Жаңа Зеландия қыздары ойламаған жерден Ирландиядан ұтылды. Қорғанысты мықтап бекітіп, шабуылда ширақ қимылдаған Еуропалықтар жеңіске бастар жолды жаңылмай тапты. Есеп: 17:14. Енді Ирландия Қазақстан құрамасын жеңсе, жартылай финалдық жолдамаға иелік етеді. Біздің қыздардың шамасы о баста белгілі болған. Жерлестеріміз Америкалықтармен болған кездесуде 7:0 есебімен алда тұрған еді. Алайда ойынның қалған уақытында АҚШ құрамасы 47 ұпай жинап, біздің регбишілерге еш мүмкіндік берген жоқ. Есеп 47:7.&nbsp;</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или