Шалқар Олимпиадада ел намысын қорғамақ

Шалқар Олимпиадада ел намысын қорғамақ

2014 жылдың тамызында Қытайдың Нанкин қаласында өтетін II жассөпірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындарында шымкенттік боксшы Шалқар Әкімбай ел намысын қорғайтын болады, деп хабарлайды otyrar.kz сайты.

12 жасында алғаш рет рингке шыққан Шалқар бұған дейін ел чемпионатында қолғап түйістіріп, 49 келі салмақта бас жүлдені жеңіп алған. 2014 жылы ақпан айында Болгарияда өткен Азия чемпионатында чемпион атанған.

«Қазір соңғы дайындықты пысықтаудамыз. Өйткені алда өте жауапты кезең күтіп тұр. Бүгін Алматыға аттанып, сонда тағы да іріктеу ойындарын өткіземіз.  Жеңіске жету үшін аянбай ету керек деп ойлаймын. Сондықтан дәл қазір бар күшімді салудамын» дейді Шалқар Әкімхан.

Шалқар — Олимпиадаға Қазақстаннын баратын үш боксшының бірі, Оңтүстік бокс бапкерлерінің ірі додаға үкілеп қосқан үміті. Үлкен додаға аттанып бара жатқан жерлесімізге біз де сәттілік тілейміз. Айта өтейік, Олимпиадаға облысымыздан 6 спортшы қатысып, бағын сынамақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или