Қазақстандық шахматшылар екі дүркін олимпиада жүлдегерлерінен басым түсті

Норвегияның Тромс қаласында өтіп жатқан 41-ші Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасының екінші турында Қазақстанның ерлер құрамасы швециялықтарды айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлайды kazakh-tv.kz сайты.

Қазақстандық квартет құрамына гроссмейстерлер - Павел Коцур, Рүстем Хуснутдинов, Петр Костенко мен халықаралық мастер Аслан Айтбаев кірді. Олар шведтік төрт гроссмейстер - Нильс Гранделиус, Евгений Агрест, Тайгер Хиллар Перссон мен Ханс Тикканеннен айласын асырды. Айта кетейік, бұл елдің командасы екі рет олимпиада жүлдегері атанған әккі құрама.

Сондай-ақ, шахматтан Қазақстанның қыздар құрамасы да Того спортшыларын тізе бүктірді - 4:0. Өз қарсыластарын айқын басымдықпен Гулісхан Нахбаева, Динара Сәдуақасова, Мадина Дәулетбаева және Гүлмира Даулетова жеңді.

Бұған дейін ел намысын қорғаған ерлер құрамасы кувейттіктерді, ал қыздарымыз португалиялықтарды сан соқтырған. Енді олар үшінші айналымға жолдама алып отыр.

Байрақты бәсекеде 177 ерлер, 136 әйелдер құрамасы бақ сынауда. Олардың жалпы саны екі мыңнан асады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или