Галина Воскобоева шеберлік сабағын өткізді
<p style="text-align: justify;">
<strong>Жұптық сында төрт халықаралық турнирде жеңіске жеткен ұлттық құрама мүшесі Галина Воскобоева, жеткіншектерге шеберлік сабағын өткізуде, деп хабарлайды Хабар арнасы.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Теннис қалағын енді ұстаған жасөспірімдер үшін мұндай іс-шараның берері мол. Воскобоева да кезінде Штеффи Граффтың өзінен шеберлік сабағын алғанын еске салды. Сондықтан танымал спортшылардың білгенін ортаға салғаны – жас теннисшілер үшін үлкен сабақ. Галина қазір жарақатына байланысты халықаралық жарыстардан шет қалды. Қазақстандық теннисші жылдың аяғында кортқа шығуды жоспарлап отыр.</p>
<p style="text-align: justify;">
«Ең бастысы, 2016-шы Жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алу», – дейді спортшы.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или